II Облыстық конкурсы өтті.
Облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжімен бірлесе балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің оқушылары арасындағы «Сольфеджио» пәнінен

II Облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың басты мақсаты — балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің оқушыларының музыкалық–теориялық цикл пәндеріне деген қызығушылығын арттыру,
кәсіби білім алуды ынталандыру әдістері мен нысандарын іздеу, педагогтың шығармашылық потенциалын одан әрі тереңдету, қосымша білім беру саласын дамыту.
Конкурсқа облыс аудандарынан 21 оқушы қатысты.
Конкурсты облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы, Қосымша білім беру бөлімінің басшысы Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызы мен Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің директоры Әмзе Мүсілім Балтабайұлы ашып беріп, конкурс маңыздылығын алға тарта отырып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


