23.02.2024 кітапхана отчет
Оқушылардың оқулықтармен, оқу құралдарымен және көркем әдебиетпен қамтамасыз етілу жайы, мектеп кітапханасының жұмыс жағдайы.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады. Кітапханамыз жыл сайын кітап қорын оқу бағдарламасына байланысты жаңа буын оқулықтарымен, көркем әдебиеттермен, оқу құралдарымен толықтырылып отырады.
2023-2024 оқу жылында кітапханамыздың барлық кітап қоры – 40768, оның ішінде оқулықтар – 23712, көркем әдебиеттер – 13323, оқу әдістемелік кешендер – 3273, электронды оқулықтар – 460.
Ағымдағы жылы Қалалық білім бөліміне берілген ұсыныс бойынша алынған барлық кітап саны – 3847 дана. Оның ішінде оқулықтар – 1839 дана, көркем әдебиеттер – 1727 дана, оқу әдістемелік кешендер – 6 дана, электронды оқулықтар – 275 дана келіп түсті. Қалалық білім бөлімі тарапынан алынған оқулықтар және мектеп қорындағы оқулықтар таратылды. Мектепте барлық оқушылар оқулықпен 100% қамтылды.
Мектеп кітапханасының жұмыс жағдайы. Кітапханада 2 кітапханашы жұмыс жасайды. Бисариева А.Қ – кітапхана меңгерушісі, білімі жоғары, кітапханашылық еңбек өтілі – 11жыл. Бухарбаева Л.Б – кітапханашы, білімі жоғары, кітапханашылық еңбек өтілі – 7 жыл. Кітапханада 20 орындық оқу залы, абонемент бөлімі оқырмандарға қызмет жасайды. Оқу залында 6 компьютер интернет желісіне қосылған. Мектеп кітапханасында көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді. 2023-2024 оқу жылы басталғалы бері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс-шаралар өтілді. «Ата заңым айбыным!», «Ана тілі-асыл мұра» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрме кітаптармен, мерзімді басылымдармен толықтырылып отырады. «Ертегілер еліне саяхат» кітапханаға саяхат, «Менің сүйікті кітабым» челленджі, «Кел, бірге оқиық» 20 минуттық оқу жобасы, «Кітапханаға, досыңа кітап сыйла» акциясы, мектепішілік оқу сайыстары, буктрейлер, көрмелер ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге жүктелуде.






















