Айару мен Софияны зор қошеметпен қарсы алдық!
АЙАРУ МЕН СОФИЯНЫ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫҚ
Білім — ел болашағының темірқазығы, ал сол жолда еңбек етіп, биік белестерді бағындырған шәкірттер — мектебіміздің мақтанышы. Жуырда облыстық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз Айару мен Софияны мектебімізде зор қошеметпен қарсы алдық.
Салтанатты шара таңертең мектептің кіреберісінде басталды. Ұстаздар қауымы мен оқушылар жүлдегерлерді қарсы алуға жиналды. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, Айару мен Софияға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
Оқушыларымыз өз әсерлерімен бөлісіп, ұстаздарына алғыстарын айтты. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері де шәкірттерінің жетістігіне қуанып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Осындай жеңістер — мектебіміздің абыройын асқақтатып, болашаққа сеніммен қадам басуға серпін береді. «Талабы зордың тағдыры жарық» демекші, Айару мен Софияға жарқын болашақ тілейміз!