17 сәуір күні асхана жұмысын бақылау және балалардың тамақтануын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде 17 сәуір күні асхана жұмысын бақылау және балалардың тамақтануын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Тамақтану сапасына жүргізілген мониторинг кезінде комиссия мүшелерінің міндеттері:
Ас блогындағы, асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын;
Тамақ өнімдерінің сапасын, оларды жеткізу, сақтау тәртібі;
Ыстық тамақтың дұрыс дайындалу сапасын;
Оқушының жас ерекшелігіне, физиологиялық қажеттіліктеріне тамақтың сәйкес болуы;
Асхана қызметкерлерінің ас блогында жеке бас гигиенаның сақталуын қадағалау.
Мектебімізде ыстық тамақтың уақытылы, дұрыс берілуі үнемі қадағалануда.