18 Сәуір 2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
С.Нұртаев атындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен
Жолдыбай Арнұр 3-орын иеленді
Жетекшісі: Тлепбаева Гүлім Серікқызы

20 Наурыз 2025
Мектеп мақтанышы!
М.Сужиков атындағы №6 мектептің оқушысы Сермаханова Карина Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен мектеп оқушылары арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрлерінен “Мерген ару – 2025” облыстық сайысында жүлделі II орынды иеленді.
Бұл жеңіс – табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Жетекшісі Жұмахметов Сейтқасымға алғыс білдіреміз!
Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
19 Наурыз 2025
АБАЙДЫҢ СӨЗІ — АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Абайдың сөзі — ақылдың көзі» тақырыбында өткен Абай Құнанбайұлының қарасөздерін жатқа оқу байқауында мектебіміздің 8-сынып оқушысы Нұрлыбекқызы Ақмерей жүлделі 1-орын иеленді.
Пән мұғалімі: Баймбетова Нұргүл.
Ақмерей ақынның қарасөзін нақышына келтіріп, шеберлікпен оқи білді. Ақмерейге сөз-бұлақтан сусындай бер демекпіз!
15 Наурыз 2025
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР — ЕРЕКШЕ ТАЛАНТТАР
Бүгінгі күн жүректі жылытқан ерекше сәттермен есте қалды. Мектебіміздің ғасырлық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында қалалық деңгейде мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыс – тек өнер сайысы ғана емес, рух пен жігердің мерекесі болды.
Кішкентай жүректердің үлкен талпынысы, көздеріндегі жарқыл мен өлеңге деген шынайы махаббат көрерменді бейжай қалдырмады. Әр бала мектеп тақырыбындағы өлеңдерін жүрекпен оқып, тыңдарманға әсерлі сезім сыйлады.
Осындай шаралар ерекше жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың қоғамдағы орнын айшықтап, таланттарын дамытуға мүмкіндік береді. Қатысушыларға шабыт және осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан мектебіміздің инклюзияны қолдау кабинетінің мамандарының еңбегіне жеміс тілейміз!