Оқушылар «Бал-Әли* шаруашылығында
Оқушылар «Бал-Әли* шаруашылығында
Жұмысшы мамандықтар жылына орай мектебіміздің оқушылары «Бал-Әли» шаруашылығына танымдық сапар жасады. Сапар барысында балалар ауылшаруашылық еңбегінің қыр-сырымен танысып, мал өсіру, төл күту, жем-шөп дайындау сияқты маңызды жұмыстарды көзбен көрді.
Шаруашылық иелері оқушыларға еңбек тәртібі мен шаруашылықтағы түрлі кәсіп түрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Балалар өз қолымен төлдерге жем беріп, мал күтіміне қатысты қарапайым жұмыстарға да атсалысты. Бұл іс-шара оқушылардың еңбектің қадірін түсініп, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай тәжірибелік сабақтар арқылы біз болашақ жастарды еңбекке баулып, мамандық таңдауда бағыт беріп келеміз.
Ізгілікті еңбек берекелі өмірдің кепілі екенін ұғынған оқушылар әсерлі көңіл күймен оралды.