Қызылорда қаласындағы № 6 М. Сужиков атындағы мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Мектептің жаңа ғимараты 2006 жылы 430 оқушыға лайықтап салынған.
90 жылда мектептен талай-талай түлек орта білім алып шықты. Мектепте қазіргі таңда 135ұстаз еңбек етеді. Олардың 134 жоғары білімді, 1-ы арнаулы білімділер.
Ұжымда ішкі мәдениеті жағымды әлеуметтік психологиялық ахуал қалыптасқан. Мектеп оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
Мектептің толық атауы: №6 М.Сужиков атындағы орта мектебі
Мекен жайы: Жанадилов көшесі, №7
Телефон: 27-77-94
E-mail: Kyz_school6@mail.ru
№6 орта мектеп 1925 жылы ашылған. Алғашқы Ташкент темір жолына қарасты И.Сталин атындағы №7 орта мектеп болып ашылған болатын. Темір жол Алматы темір жолы болып қайта құрылуына байланысты мектеп №409 Карл Маркс атындағы мектеп болып өзгертілді. Ал, 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолы құрылып, мектеп соған қарауына байланысты №409 орта мектеп №6 болып атала бастады.
Темір жол торабы бойынша №6 мектеп 1925 жылдан 1977 жылдар аралығында ең таңдаулы, үлгілі мектептердің бірі болды. бұл уақыт аралығында Никулина Т.И., Агафонов А.С., Куликовский Л.Н. сияқты тамаша, іскер адамдар мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Қызылорда облысының Батыс Қазақстан темір жолы бойындағы барлық елді мекен тұрғындарының балалары осы №6 мектепте оқыды.
Мектепті 1960-90 жылдары Куликовский Л.Н. басқарған кезде 30 жыл бойы үлгілі мектеп ретінде танылып келді. Бұл мектепті бітірген түлектер Кеңес Одағының ең таңдаулы деген жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері мол болды. Сондықтан бұл мектепті бітірушілер Москва, Ленинград, Новосибирск, Томск, Рига, Алматы қалаларындағы ең күшті жоғары оқу орындарына түсіп, оны бітіріп шықты.
Мектепте СССР халық ағарту ісінің үздіктері: Куликовскй Л.Н., Григоров Ю.Н., Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздіктері: Зисер А.И., Хон И.П., Даняев Л.А., Малькова Т.Ф., Ли Г.И., Грицкова В.А., Лучинкина В.Ф. ұстаздық етті.
Мектеп директоры Л.Н.Куликовский жас мұғалімдерді тәрбиелеуде өзінің білімін, ақыл ойын бар күшін жұмсады. Бүгінде қалада еңбек етіп жүрген көптеген мұғалімдер өздерін Л.Н.Куликовскийдің шәкірттеріміз деп санайды. Л.Н.Куликовскийдің тәрбиесінен шыққан мұғалімдер: О.Безрукова, Н.Байназарова, Л.Федосеенко, Л.Ким, А.Шагирбаева, Л.Назырова тағы басқалары бүгінде білім саласында жемісті еңбек етуде.
Мектеп өз түлектерінің ішінен шыққан Кеңес Одағының батырлары Г.Н.Ковтунов, И.В.Андрианов, О.Лукомскийлерді мақтаныш етеді. Осындай нағыз өз Отанының патриоттарын тәрбиелеп шығарғандарын өздері үлкен мәртебе тұтады.
1996-2004 жылдары мектепті Л.А. Қожаниязова басқарады. Ол өзіне дейінгі жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны ендіру жұмыстарын жалғастырды.
2004 жыл 10 қазан 2013 жыл 13 қараша аралығында мектеп директоры Ізбасова Алтын Болатқызы өзінің инновацияға құштарлығымен, жаңалыққа жақындығымен ерекшелене басқарып отырды.
2013 жыл 13 қарашадан бастап мектеп директоры қызметін Боданов Ерлан Тенизбаевич атқарды.
2019 жыл 6 тамыздан бастап мектеп директоры қызметін Сеилханов Асылбек Амиржанович атқаруда.
Техникалық төлқұжаты бар. Мектеп жалпы алаңы 5313,78 м2, жұмыс алаңы 4862,46 м2.
Мектеп ғимараты 2006 жылы қаңтар айында іске қосылған, типтік жоба бойынша 430 орындық, 3 қабатты. Мектеп сумен, жылумен орталықтандырылған жүйеде қамтамасыздандырылған. Мектеп жарық әрі жылы. Мектеп ауласы талапқа сай қоршалған. Мектеп ауласында баскетбол, футбол, волейбол, әскери даярлық алаңдары, мектепте медициналық қызметке байланысты арнайы бөлме жұмыс жасайды. Бөлмеге медициналық жабдықтар алынған.
Мектеп тамақтану орнымен қамсыздандырылған. Асханаға жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Білім беру ұйымында 80 орындық асхана жұмыс жасайды, оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана құрал-жабдықтармен, тамақ ішетін орын, ас әзірлеу орны, азық-түлік сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілген. Оқушылар тұтынатын азық-түлікке, тамақтарға рұқсат етілген, сертификатталған өнімдер пайдаланылуда, ас мәзірлері бекітілген.
Мектеп екі кезекте жұмыс істейді және бес күндік оқу аптасына негізделген
Сабақ ұзақтығы – 45 минут
Қазіргі таңда білім алушылардың саны – 872, мектепалды даярлық топта – 31,.
Ауысымдар саны – 2, ондағы сыныптар саны – 49 комплект.
1 – ауысым – 20 сынып – 434оқушы
2 – ауысым – 17 сынып – 438 оқушы ,
1-4 сыныптардағы білім алушылар — 353,
5-9 сыныптағы біліс алушылар — 444,
10-11 сыныптағы білім алушылар — 75
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.