Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітапта.
Мектеп кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білімнің пайдасын, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Білімге құштарлығын оятуға ықпал ету.