«Жаралыстану — өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында қалалық семинар.
«Жаралыстану — өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында қалалық семинар.
Мектебімізде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбында қалалық семинар-практикум болып өтті.
Химия-биология пәндеріндегі оқытудың ерекшеліктері бойынша ұстаздардың педагогикалық-әдістемелік тәжірбиелерімен бөлісе отырып, жобалар аясында жасалынып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикумға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қожахметов Жомарт Құлмағанбетұлы мен қала мектептерінің химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар үш бөлім бойынша өтті. Бірінші бөлімінде семинар қатысушыларына гидропоника жұмысы, оқушылардың тәжірибе жұмыстарымен және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған мұғалімдердің іс-тәжірибелері таныстырылды.
Екінші бөлімінде химия пәнінен Дүйсенова Ботагөз 8 –сынып оқушыларына «Көміртектің химиялық қасиеттері», Сұлтаниязова Клара 9 –сынып оқушыларына «Ароматты көмірсутектер. Бензол» тақырыбында; биология пәнінен Кенжеева Жадыра 8-сынып оқушыларына «Тұқымқуалағыштық және өзгергіштік заңдылықтары», Ембергенова Динара 10-сынып оқушыларына «Тез және баяу жиырылатын бұлшық ет талшықтарының ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті.
Семинардың үшінші бөлімінде Жамила Есетқызы мен Әйгерім Жеңісбекқызы «химия және биология пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларды дайындау» тақырыбы аясында шебер сыныптар өткізді.
«Үздіктен үйрен» жобасы негізінде педагог- шебер, облыстың үздік ұстазы Гүлнұр Бақбергенқызы «Оқу мен оқытудағы геймификация» тақырыбында өз іс-тәжірбиесімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс беріліп, қатысушылар тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.










