Дара озған дарындар
Дара озған дарындар
Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің озат оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
8-сынып оқушысы Ли София орыс сыныптарындағы орыс тілі пәнінен 1-орынға ие болды.
7-сынып оқушысы Қадырбекова Айару орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын жүлдегері атанды.
Бұл жеңіс — шәкірттеріміздің үздіксіз ізденісінің, қажырлы еңбегінің және білікті ұстаздардың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.
Софияны жеңіске жетелеген жетекшісі — София Рүстемқызы, ал Айаруға олимпиадалық дайындық барысында бағыт-бағдар берген ұстазы — Айгерім Серікқызы. Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен оқушылардың табандылығы білім саласындағы биік белестерді бағындыруға жол ашты.
Бұл жетістік — мектебіміз үшін ғана емес, қаламыз үшін үлкен мәртебе. Оқушыларымыздың жеңісі — жас ұрпаққа шабыт, ұстаздар қауымына қуаныш, ал ата-аналарға зор мақтаныш!
Жеңімпаз оқушыларымызды, олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жас дарындарымыздың білім бәйгелерінде биіктен көріне беруіне тілектеспіз!